Бүгін Алматыда ауа райы қандай болады?

Бүгін Алматыда ауа райы қандай болады?
Сурет: Ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның ең ірі қалаларына қатысты алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгін Алматыда бұлт қаптайды, күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Түнде -3-5°С суық, күндіз +6+8°С жылы.

3 ақпан: күн бұлтты, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Түнде 0-2°С суық, күндіз +5+7°С жылы.

4 ақпан: күн бұлтты, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 0-2°С суық, күндіз +3+5°С жылы.