Қазақ қызы үстел теннисінен Иорданиядағы халықаралық жарыста бақ сынайды

Қазақ қызы үстел теннисінен Иорданиядағы халықаралық жарыста бақ сынайды
Сурет: Sport.ru

Отандасымыз сынға түспек

Иорданияның Амман қаласында үстел теннисінен «ITTF World Hopes Week & Challenge» турнирі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жас таланттардың басын қосқан апталыққа қазақстандық Аққу Темірханова да қатысты.

Аммандағы спорт апталығында жиырмадан аса елден келген жас спортшылар бас қосты. 

Қазақстан атынан ақтаулық Аққу Темірханова сынға түсті. 

«Бұл жиынға әлемнің үздік жас спортшылары жиналды. Бұл Аққу үшін маңызды жиынн. Әлемдік деңгейдегі бапкерлерден тәлім алу екінің біріне бұйыра бермейді. Аққу мықты спортшылардан құралған топқа түсіп, үлкен тәжірибе жинады», - дейді Аққудың бапкері әрі анасы Раушан Исламғалиева.