Қазақстандық гимнаст халықаралық жарыста жүлдегер атанды

Қазақстандық гимнаст халықаралық жарыста жүлдегер атанды
Cурет: Olympic.kz

Мәскеуде көркем гимнастикадан жасөспірімдер мен ересектер арасындағы халықаралық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған сынға Қазақстан командасының өкілдері де қатысып, жасөспірімдер арасындағы көпсайыс қорытындысы бойынша Милана Парфилова қола жүлдегер атанды.

Ересектер арасындағы бәсекеде Баян Қойбағар 4-і орын алса, Айбота Ертайқызы бестікке енді.