Қант тапшылығы алаяқтардың табыс көзіне айналып жатыр

Қант тапшылығы алаяқтардың табыс көзіне айналып жатыр
Сурет: Dalanews.kz

Олар арзан бағаға қант сатылатынын айтып, қап-қап шекерді бейнетаспаға түсіріп, интернет арқылы көрсеткен.

Қант іздеген халық алаяқтарға алданып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Қат тауарға айналған қантты «көтерме бағамен сатамыз» деген ғаламтордағы жарнамаға жұрт жаппай алданып жатыр. Ақшасын аударған соң, саудагерлер зым-зия жоқ болады екен.

Алаяқтарға алданғандарға әзірге ешкім көмектеспеген. Полиция алғашқыда арызды тіпті қабылдамаған. Түрлі деңгейдегі құзырлы органдарға шағымданған соң, алаяқтарды іздеуге уәде берген. Әзірге қанша адамның қант аламыз деп алданғаны белгісіз.