Бүгін Алматыда ауа ластанады

Бүгін Алматыда ауа ластанады
Сурет: Еgemen.kz

Синоптиктер болжамында еліміздің екі қаласы көрсетілген.

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«2023 жылғы 09 маусымда Атырау, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады»,-делінген  «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.