Алматыда пойыздың бір вагоны рельстен ығысып кеткен

Алматыда пойыздың бір вагоны рельстен ығысып кеткен
Сурет: ҚТЖ

Ең бастысы, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

8 маусымда Алматы-2 станциясының құрамды рейске дайындайтын техникалық паркінде маневрлік жұмыстар кезінде пойыздың бір вагонының дөңгелек жұптары орнынан ығысып кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол кезде пойызда жолаушылар болмаған.

"Басқа құрам жедел ұйымдастырылып, кесте бойынша жөнелтілді. Болған істің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды", - делінген хабарламада.