Бүгін Алматы қаласы мен облысында ауа райы қандай?

Бүгін Алматы қаласы мен облысында ауа райы қандай? Сурет: Zakon.kz

Алматыда көшпелі бұлт шығады.


«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Алматы қаласы мен облысының 9 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°C, күндіз +35+37°C.



Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, найзағайдың екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 20-25 градус жылы, облыстың таулы аймақтарында 10-15 градус жылы, күндіз 33-38 градус ыстық, солтүстікте, облыс орталығында өте ыстық 41 градус, облыстың таулы аймақтарында 23-28 градус ыстық болады.



Қонаев қаласында ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 36-38 градус ыстық болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42