Бүгін Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Сурет: biletik.aero.kz

2 шілде күні Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сенбіде атмосфералық ауа сапасы тек Алматы мен Ақтөбе қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.