Бүгін тоғыз қалада ауа ластанады

Бүгін тоғыз қалада ауа ластанады
Сурет: Ашық дереккөзі

Бүгін Қазақстанның 9 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 11 қаңтарда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Қарағанды қалаларында күтіледі», - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.