Бүгін сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөз

Дүйсенбі күні сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

12 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Алматы, Ақтөбе, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Шымкент қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.