Бостандық ауданында ХҚБ бағдарламасы бойынша 40 жоба жүзеге асырылуда

Бостандық ауданында ХҚБ бағдарламасы бойынша 40 жоба жүзеге асырылуда
Сурет: ашық дереккөз

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың өтінімдері бойынша 1-ші кезеңде 800 млн теңге сомасына 17 жоба іріктелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Конкурстық рәсімдер өткізілді, 15 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар қыркүйек айында аяқталады. 2 жоба бойынша конкурстық рәсімдер өткізіледі.

«Осы бағдарлама бойынша биыл 2-ші кезеңге 875 млн. теңге бөлінді. Аудан тұрғындары 100 өтінім берді, оның ішінде 2-14 мамыр аралығында тұрғындардан ең көп дауыс жинаған 23 жоба таңдалды. Жобаларды іске асыру осы жылдың тамыз айында басталады», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде.