Теннисші Жібек Құламбаева Алматыдағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

Теннисші Жібек Құламбаева Алматыдағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты
Сурет: ktf.kz

ITF W25 турнирі өтіп жатыр 

Алматыдағы ЦСКА теннис корттарында әйелдер арасында ITF W25 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Жібек Құламбаева жұптық сында ресейлік Екатерина Яшинамен бірге жартылай финалға шықты.
Ж.Құламбаева мен Е.Яшина ширек финалда ресейліктер Виктория Михайлова – Яна Карповичті тізе бүктірді – 3:6, 6:1, 10:6.
Қазақстандық-ресейлік жұп финалға шығу үшін үндістандықтар Чаудхари Вайдехи – Шривали Бхамадипатимен таласады.
Жібек жекелей сында да сәтті өнер көрсетуде. Ол екінші айналымда грузиялық Зоза Кардаваны ұтты – 6:0, 3:6, 6:3.
Ж.Құламбаева ширек финалда ресейлік Анастасия Золотаревамен шеберлік байқасады.
Өкінішке қарай, Дана Байдәулет пен Гөзал Айнитдинова ширек финалға өте алмады. Дана ресейлік Екатерина Маклаковаға 4:6, 2:6 есебімен есе жіберсе, Гөзал Беларусь өкілі Дарья Хомутянскаядан аса алмады – 2:6, 6:1, 0:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шыға алмады.
Қазақстан теннисшілері АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына өтті.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты .