Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы бүгін-ертең біте қоймас...

Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы бүгін-ертең біте қоймас...
Сурет: ҚР Жоғары соты

Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасуда.

Судья Айжан Құлбаева алқабилердің видеосын таратқан КТК арнасына ескерту жасалғанын айтты. Сот қайтадан процеске журналистердің қатысуын қолайлы деп тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

«Біздің сот талқылауы ашық сот тәртібінде өтіп жатқанын ескере отырып, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29-бабында бекітілген іс жүргізудің жариялылығы қағидатын қамтамасыз ету және әділ сот талқылауы мақсатында сот өкілдерінің қатысуына рұқсат беру қажет деп санайды. БАҚ өкілдерін сот залына кіргізілді»,- деп түсіндірді судья Айжан Құлбаева.

Ол алқабилердің суреті мен видеосын түсіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған КТК журналистері де сот залына жіберілетінін айтты.

Сотталушы Бишімбаевтың адвокаттарынан басқа процеске қатысушылардың барлығы бұған қарсы еместігін мәлімдеді. Қорғаушы тарап сот отырысында бейнежазба көрсетіліп жатқанына байланысты қарсылық білдірді.

Жиын басында аудармашының ауысқаны да белгілі болды.

Cоған қарағанда, Бишімбаев ісі әлі біразға дейін созылатын сыңайлы...