Президент Тоқаев Александр Герлицті «Құрмет» орденімен марапаттады

Президент Тоқаев Александр Герлицті «Құрмет» орденімен марапаттады
Сурет: Olympic.kz

Президент Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Президенті паралимпиадашыларды мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Бейжің қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын: «Құрмет» орденімен Герлиц Александр Александрович – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ спортшыcы; Жданович Антон Владимирович – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ аға жаттықтырушысы; Коломиец Василий Сергеевич – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ бас жаттықтырушысы.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 24 наурыз № 844