Алматы ауруханаларында 86 адам COVID-19 дертінен емделіп жатыр

Алматы ауруханаларында 86 адам COVID-19 дертінен емделіп жатыр
Сурет: Kuban.aif.ru

Оның ішінде 11 бала бар. 

Алматыда бір тәулікте 8 адам коронавирус жұқтырды. Оның 6-уында симптом бар, 2-уінде ауру белгілері жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Екі адам жазылып шықты, бір адам ауруханаға жаңадан түсті.

400 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 86 адам жатыр, оның ішінде 11 бала бар.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 12 адам жатыр.

4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.

«Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 102 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда 86 науқас, симптомсыз 16 науқас бар»,- делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.