Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяға патриоттық ұйым ретінде құрмет көрсету керектігін алға тартты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяға патриоттық ұйым ретінде құрмет көрсету керектігін алға тартты
Сурет: Assembly.kz

Президенті  ҚХА-ның патриоттық идеологиядағы рөліне тоқталды

ҚР ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында Президент Ассамблеяның маңызды рөліне тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

«Бүгінде Ассамблеяның конституциялық мәртебесі бар. Ол өз қызметінде қазақстандықтарды елдің қоғамдық-саяси өміріне кеңінен тартуға бағытталған жаңа тәсілдер мен стандарттарды енгізеді. Ассамблея әрқашан мемлекеттік тілді насихаттауға және оның Қазақстандағы мәртебесін нығайтуға көп көңіл бөлді. Бұл үшін біз ҚХА-ға патриоттық ұйым ретінде құрмет көрсетуіміз керек. Азаматтық белсенділіктің қайырымдылық, әлеуметтік кәсіпкерлік, меценаттық, медиация сияқты жаңа нысандары әдеттегі тәжірибеге айналды», - деді Президент ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, әлемдік тәжірибе этникалық фактор, ұлтаралық қатынастар әлі күнге дейін түрлі қақтығыстардың тұтандырғыш оттығы болып отырғанын көрсеткен.

«Оның деструктивті әлеуеті ақпараттық және гибридтік соғыстардың қазіргі заманында, популистік мәлімдемелер мен алыпсатарлықтың жиілеп кеткен кезеңінде күшейе түсті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.