Алматыда өртенген жер үйден газ баллондары шығарылды

Алматыда өртенген жер үйден газ баллондары шығарылды Сурет: ТЖД

Өрт орнынан 25 литрлік 5 газ баллоны эвакуацияланды


Алматыда жеке меншік секторда өрт болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бүгін Жетісу ауданында, Райымбек даңғылы, Галилей 38 мекенжайында болды.



«Сағат шамамен 15:04-те өрт сөндірушілер шақыртуға шықты. Олар келгенде жекеменшік үй мен қораның өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің көрші үйге өту қаупі болды. Жақын жерде орналасқан өрт сөндіру гидранттарына автоцистерналар орнатылып, үздіксіз сумен қамтамасыз етіліп, өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт орнынан 25 литрлік 5 газ баллоны эвакуацияланды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.



Оқиға орнында 10 бірлік техника мен 26 адам жұмылдырылды. Өрт сағат 35 минутта ауыздықталып, 15:46-да сөндірілді.


Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53