Астанада «Al Jazeera апталығы» басталды

Астанада «Al Jazeera апталығы» басталды
akorda.kz

Maqsut Narikbayev университетінің Халықаралық журналистика мектебінде «Al Jazeera Week» - «Al Jazeera апталығы» салтанатты түрде ашылды. Шараны MNU Халықаралық журналистика мектебі, ҚР Президенті телерадиокешені және Al Jazeera Media Network әзірлеген.

Апталықтың ашылуында Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев пен Al Jazeera медиа институтының директоры Эман Әл-Амри ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Al Jazeera апталығы» аясында Қатар телеарнасының мамандары MNU Халықаралық журналистика мектебінің студенттеріне 100 сағаттан астам теориялық және практикалық сабақтар берілмек:

  • «Жаңалықтар репортажы»
  • «Дата журналистика»
  • «Мобильді журналистика»
  • «Цифрлық сторителлинг»
  • «Жаңалықтар жүргізушісі курстары»