Бірінші мамыр тоғанында Рахат Fest фестивалі өтеді

Бірінші мамыр тоғанында Рахат Fest фестивалі өтеді
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Рахат Fest фестивалі 20-21 мамырда «Бірінші мамыр тоғаны» саябағының аумағында өтеді.

Бұл – Алматы қаласының маңында орналасқан, көлі, көгалдары, самалжайлары және арнайы аймақтары бар әдемі жер.

Фестивальге күн сайын 4500-ден 6500-ге дейін адам келеді деп күтілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қонақтарға 30 мейрамхана ас әзірлейді, олар түрлі жеңіл тамақтар, салаттар мен ыстық тағамдар ұсынады. Бұлар – кез келген талғамға жапондық ролл, мексикалық бурито, стейк, жылқы еті қосылған рамённың қазақша нұсқасы және тағы басқалар. Балмұздақ пен тәттілер түржинағы.

Саябақ аумағында сусындардың сан түрін ұсынатын 15 бар жұмыс істейді. Сондай-ақ қонақтар үшін тегін welcome-drink болады.

Фестивальде 10 хедлайнер өнер көрсетеді. 20 мамырда – Банд'Эрос @banderosmusic, Limba @thelimba, Hiro @h1rosima, Айқын @aikyn. 21 мамырда – Пицца @sergpizza, Ninety One @ninetyone, Қайрат Нұртас @kair_n, 101 тобы @juzbir_101.

Фестивальді ұйымдастырушылар сәнді фотоаймақтар, аналарға арналған wellness&beauty corner, әкелерге арналған 21+ арнайы аймақтар, балаларға арналған жайлы балалар аймақтарын әзірледі. Отыратын орындар барынша көп болып, бүкіл отбасына арналған вип-самалжайлар ұйымдастырылады.

Фестиваль бағдарламасында бағалы жүлделер ұтыстары болады.

10 жасқа дейінгі балаларға ата-аналарымен кіру тегін. Ата-анасы ілесіп жүрмейтін жас: 18+.

Саябақты кәсіби күзет қызметі қорғайды. Аумақта биодәретханалар орнатылады, іс-шара күндері шомылуға қатаң тыйым салынады.

«Рахат Fest – бірден мынадай бірнеше қарымды іс-шараны біріктіретін алғашқы фестиваль: қуатты line-up бар музыкалық концерт, онда 10 хэдлайнер өнер көрсетеді, нағыз ауқымды тамақ пен сусын фестивалі және демалуға арналған ыңғайлы аймақтары, сәнді фотоаймақтары, бағалы жүлделер ұтыстары болатын және белсенді шаралар өтетін бүкіл отбасына арналған мереке. Біз қаламыздың ең стильді, талантты әрі сезімтал тұрғындарын бір алаңға жинап, көктемді бірге шығарып салып, жазға дайындалғымыз келеді!» - дейді Sadu Media Group жетекшісі, көп жылдық тәжірибесі бар ивентер Полина Ахметова, фестивальді ұйымдастырушы.

Рахат Fest-ке Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы, Байтұрсынов көшесі бойындағы көлік тұрағынан шығуға болады.

Бірінші мамыр тоғандарынан қайтадан қалаға тасымал көлігі фестивальдің басты көлік тұрағына кіреберісте күтеді.

Билеттер https://kino.kz/ сайтында