Бірыңғай есеп беру күні деген не,?

Бірыңғай есеп беру күні деген не,?
Almaty-akshamy.kz

Алматыда кәсіпкерлер үшін Бірыңғай есеп беру күні өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

28 қыркүйекте «Алматыбасжоспар» алаңында Бірыңғай есеп беру күні өтеді. Қалалық бақылау-қадағалау органдары 2023 жылдың 1 қаңтары және 1 тамызы аралығында атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты бөліседі.

Іс-шара офлайн форматта өтеді. Бірыңғай есеп беру күні бизнесті мемлекеттің бақылау-қадағалау функцияларымен таныстыру, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауатын арттыру және қауіпсіз қызметті ұйымдастыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Оған кәсіпкерлік субъектілері, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, бақылау және қадағалау органдары, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілдері, сонымен қатар, қаланың прокуратура органдарының мамандары қатысады.

Қатысу үшін +77056667556 телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. 

Өткізу уақыты: 28 қыркүйек 15:00

Өтетін орны: «Алматыгенжоспар» ғылыми зерттеу институты, Абай даңғылы 90