Бикен Римованың   100  жылдығына арналған «ҚАРА ШАҢЫРАҚ - 2023» жаңа қойылымдар фестивалі өтеді

Бикен Римованың   100  жылдығына арналған «ҚАРА ШАҢЫРАҚ - 2023» жаңа қойылымдар фестивалі өтеді
Сурет: ашық дереккөз

19-23  желтоқсан аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Қазақстанның  халық артисі Бикен Римованың   100  жылдығына арналған «ҚАРА ШАҢЫРАҚ - 2023» жаңа қойылымдар фестивалі өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Фестивальдің мақсаты – жаңа қойылымдардың шығармашылық сапасын, оның ішінде актерлердің табысты жұмысын анықтау.

Шығармашылық құрамға  жаңа серпін беріп, көрермен мен театр арасындағы байланысты нығайту. Фестиваль барысында қазылар алқасы номинациялар бойынша үздіктерді анықтап, жеңімпаздар 26 желтоқсанда сағат 11.00-де марапатталады.

19 желтоқсан,  фестивальдің ашылуы күні өтетін шаралар:

• Сағат 17.00-де Баспасөз мәжілісі; "Бикен Римова" кітабының тұсаукесері;

• Сағат 18.00-де театр музейінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық артисі Бикен Римованың   100  жылдығына арналған  көрме;

• Сағат 18.30-да Ф.Зеллердің  «Жан әке» (Қазағым, қайда барасың?)  драмасының (реж. А. Құдайберген) көрсетілімі.

Фестиваль күнтізбесі: 20 желтоқсан Ш.Айтматовтың «Кассандра таңбасы»  футуристік трагедиясы. Басталуы 18.30-да, Үлкен зал.

21 желтоқсан  М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы. Басталуы 18.30-да, Үлкен зал.

22 желтоқсан «Құйын» драмасы. Басталуы 18.30-да, Үлкен зал.

23 желтоқсан • М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» мұңды комедиясы. Басталуы 12.00-де, Кіші зал.  Ж.Коктоның «Дауыс» монооперасы. Басталуы 15.00-де, Кіші зал. Д.Л.Кобурнның «Ойыннан от шығар...» трагикомедиясы. Басталуы 18.30-да, Кіші зал.