Оқушы жүргізушілерге арналған көзілдірік ойлап тапты

Оқушы жүргізушілерге арналған көзілдірік ойлап тапты
Сурет: ашық дереккөз

10-сынып оқушысы көлік жүргізушілері үшін көзілдірік құрастырған.

15 жастағы Ернұр Тұрғанбай физика пәнінің мұғалімі Дәулешияр Бақытәлінің көмегімен аталған модельді жасап шыққан, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

Олар робототехника курсында идеяны жүзеге асырып, эксперименттік модель жасаған. Автор көзілдірік инфрақызыл сенсормен жабдықталғанын, ал жобаның өзі жол қауіпсіздігін жақсартуға бағытталғанын айтады.

"Көзілдіріктің жақтауына инфрақызыл сенсор орнатылған, ол жүргізушінің жағдайын үнемі бақылап отырады. Көзілдірік шаршау мен ұйқы келу белгілерін анықтай алады. Егер рөлде отырған адам шаршап немесе ұйқысы келсе, көзілдірік көлік жүргізушісіне ескертеді", – деп мәлімдеді Алматы облысының білім басқармасынан.

Оқушы көзілдірікті басқа да түрлі функцияларды орындауға бейімдеуге болатынын айтты.