Биылғы астық елімізге және экспортқа жеткілікті

Биылғы астық елімізге және экспортқа жеткілікті
Сурет: Russian.rt.com

Астық көлемі жеткілікті!

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, еліміз бойынша күзде жиналатын астық түсімі жақсы болады деп күтілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгін бұл жөнінде ҚР Үкіметінің отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев баяндама жасады. Сонымен қатар алдағы күздік егін ору науқаны жөнінде айтты.

«Осыған байланысты, әрбір жақсы күнді барынша тиімді пайдалану керек. Егін жинау техникасының екі ауысымдық жұмысын ұйымдастыру қажет. Жұмыстың тоқтап қалуына жол бермеген абзал. Осының бәрін ескере келе, өнімділікті арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет», - деді Ербол Қарашөкеев.