Биыл Алматыдан 1 300-ден астам шетелдік еліне қайтарылған

Биыл Алматыдан 1 300-ден астам шетелдік еліне қайтарылған
Сурет: интернеттен

Өйткені олар көші-қон заңнамасын бұзған.

Алматы полиция департаменті көші-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері қалаға 97 319 шетел азаматы келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 10 977 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды", деп мәлімдеді полициядағылар.

Сот шешімімен 1 331 шетел азаматы елден шығарылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған 176 жұмыс берушіге әкімшілік шара қолданылды.