Биыл 10 жекеменшік балабақша ашу жоспарланған

Биыл 10 жекеменшік балабақша ашу жоспарланған
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұған қоса 520 орындық 2 балабақша салу да жоспарда бар.

Сондай-ақ осы жылдың сәуір айында №195 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мектепке дейінгі білім беру жағдайын жақсарту мақсатында 4 мемлекеттік балабақшадағы (№5, 115, 124 және 156) ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Бұдан басқа, осы жылы Думан шағын ауданында (320) мен Халиуллин көшесінде (200) 520 орындық 2 балабақша салу жоспарланған.

Жалпы, аудан бойынша 2024 жылдың соңына дейін 920 орындық 10 жекеменшік балабақша ашу жоспарда бар.