Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер байқауының ашылады

Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер байқауының ашылады
Сурет: Egemen.kz

Алматы қаласы күнін тойлау және Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының 95-ші мерейтойлық театр маусымы аясында Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер байқауының ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Іс-шараға алыс-жақын шетелдерден 20-35 жас аралығындағы әншілер қатысады. Іріктеу кезеңінде барлық қатысушы операдан, кантатадан, IX - XX ғғ. классикасынан және т.б. 4 шығарма орындайды. Іріктеу туры 12-14 қыркүйек аралығында сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Вокалистер байқауы 11-17 қыркүйек аралығында өтеді, қорытынды турға 14 қатысушы жіберіледі.  

Ашылу салтанаты 11 қыркүйекте сағат 18:30-да, Абай атындағы ҚҰОБТ үлкен залында өтеді. Мекенжайы: Қабанбай батыр көшесі, 110.