Бес адамды өлтірген Игорь Дужновтың ісі бойынша прокурор оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Бес адамды өлтірген Игорь Дужновтың ісі бойынша прокурор оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Сурет: Qazaqstan.tv

Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың ісі Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сот отырысы барысында прокурор Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Еске салайық, былтыр 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған азамат оқ атты.

Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды. Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында 5, екіншісінде 2 бала қалды. Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Банк ЦентрКредит» АҚ іс бойынша қажетті барлық құжат ұсынылатынын және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.