Белгілі ғалым, тарихшы Әбдеш Төлеубаев өмірден озды

Белгілі ғалым, тарихшы Әбдеш Төлеубаев өмірден озды
Сурет: ашық дереккөз

Елімізге танымал ғалым, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев өмірден озды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында Даниал Ахметов жазды.

«Бүгін менің досым, еліміздің белгілі ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев өмірден озды. Әбдеш Тәшкенұлы тәжірибелі дала зерттеушісі және экспедициялық жұмыстардың тамаша ұйымдастырушысы бола білді. Археологиялық ескерткіштерді анықтау және зерттеу бойынша белсенді қызмет атқарды. Ғылыми кітаптар мен мақалалар жазып, артынан зор мұра қалтырды. Соңғы 20 жылда ол Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Сауыр және Шыңғыстай тау бөктеріндегі археологиялық ескерткіштерді сәтті зерттеді. Әбдеш Төлеубаев әлемдік деңгейдегі жаңалықтарға иелік етеді. Ол алтыннан мыңдаған ерекше артефактілерді – ерте сақ дәуіріндегі ежелгі зергерлердің қолданбалы өнерін жинады. Мен Әбдеш Тәшкенұлы Төлеубаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның ардақты есімі мәңгілік жадымызда сақталады», - деп жазды, Даниал Ахметов.