Асық атуға ұқсас ойын

Асық атуға ұқсас ойын Twitter

ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы базасында Ішкі істер министрінің Ауыспалы кубогы жолында петанктен полиция қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасында бірінші республикалық турнир өтті.


Сап түзеген қатысушылар алдында «Динамо» денешынықтыру спорт қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов турнирді салтанатты түрде ашып: «ІІМ академиясы базасында петанктен өткізіп отырған Ішкі істер министрінің Ауыспалы кубогы жолындағы командалық біріншіліктің мақсаты – аталған спорт түрін таныту, спорттық икемділікті жетілдіру, жеңімпазды анықтаумен бірге, тілші қауым мен құқық қорғау қызметкерлері арасындағы өзара ынтымақты арттыру», – деп ойыншыларға сәттілік тіледі.



Петанк (французша «рetanque») – сөзбе-сөз аударғанда, «прованс пьед танко» – «қаққан қазықтай» деген мағынаны білдіреді. Өйткені, ойыншы допты лақтырған кезде доп жерге тимейінше аяғын жерден алмауы керек. Тартысты біріншілікке төрт команда: «Alatau Аqparat», алаң иелері, «Динамо» ДСҚ, «Время» газетінің «Акулы пера» ойыншылары қатысты. Ойын шарты бойынша 15х4 м алаңда команда ойыншылары кезек-кезек металл шарларды, (салмағы – 800 г) допты кішкентай резеңке кошонет-шар (диаметрі 30 мм) жанына мүмкіндігінше жақын лақтыруға тырысты.




Тіпті, металл-доп кошонетке тиіп кетіп, қарсыластың добын ысырып тастаған жағдай жиі болды. «Динамо» ДСҚ ойыншыларының шеберлігі көзге ұрып тұрды. Ойын осынысымен де қызықты өтті. Тартысты ойындар соңында команданың бір не бірнеше шары қарсыластың шарларына қарағанда кошонетке біртабан жақын болуы жеңіске жетеледі. Ойын барысында әр осындай доп бір ұпайдан команда қоржынына құйылып жатты. Сайысқа петанктен ҚР спорт шеберлігіне кандидат О.Цой қазылық етті.


Тартысты бәсекеде ауыспалы кубокты «Динамо» ДСҚ иеленді, екінші жүлде алаң иелеріне бұйырды. Жарыс жүлдегерлері, ойынға қатысушылар арнайы сыйлықпен, сертификатпен марапатталды. Петанк – икемділік, ептілік пен мергендікке машықтандыратын қазақтың ұлттық спорт түрі асық атуға ұқсас ойын. Алда «Динамо» ДСҚ-ының 100 жылдық мерекесі, т.б. мерейлі мерекелер бар. Осындай бәсі биік спорттық сындарда асық атуға машықтанған «Alatau Аqparat» командасы биік межеден табыларына сенімдіміз.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55