Бақытжан Сағынтаев жаңа пәтер иелерін қоныстарымен құттықтады

Бақытжан Сағынтаев  жаңа пәтер иелерін қоныстарымен құттықтады

Мыңнан астам алматылық баспаналы болды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев баспаналы болған қала тұрғындарын құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істейтін 1050 жас алматылық баспаналы болды. Үйлер «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша бой көтерді. 441 пәтер «Бақытты Отбасы» мен «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша көп балалы, толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар арасында жеңілдетілген несие беру шартымен бөлінді.

Баспана иелерін құттықтап, жаңа қоныс шаттық пен жайлылыққа толсын деп тілейміз!» - деп жазды қала басшысы өзінің Instagram парақшасында.