Баспана аларда абай болыңыз

Баспана аларда абай болыңыз
Сурет: ашық дереккөз

Алматылықтарға жоқ немесе заңсыз баспана сатқысы келетіндердің қатары артып отыр. Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары сондай пәтердің сатылымда екенін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

 - «Demeu Development» құрылыс салушысы тиісті құжаттары толық болмаса да, «Demeu Residence» ТҮК пәтер сатуға кіріскен. Тұрғын үй кешенін биылғы жылдың IV тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. "Таулы қырат" шағынауданында 192 жер телімі жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған. Заң бойынша ол жерде тұрғын үй кешені салынбауға тиіс. Қала құрылысын бақылау басқармасы тұрғындарды абай болуға шақырады, - деп жазады басқарма хабарламасында.

Пәтер сатып алмас бұрын салынып жатқан үйдің құжатының бар-жоғын +7 (727) 229-81-36 нөмірі арқылы тексеру қажет.