Бас жоспар - бақылауға алуға мүмкіндік

Бас жоспар - бақылауға алуға мүмкіндік
Сурет: ашық дереккөз

Қала құрылысы кеңесінің мүшесі тұрғысынан қала тұрғындарының қатысуы Алматының Бас даму жоспарын қалыптастыруда маңызды факторға айналғанын атап өткім келеді. Құжатта жобаны әзірлеудің әртүрлі кезеңдерінде түскен сарапшылар мен қала тұрғындарының 1400-ге жуық ұсынысы пайдаланылды. Көше кеңістігінің біркелкі дамымауы, әсіресе қалаға қосылған аумақтарда, Бас жоспардың ашық қолжетімді жобасына тыңдауларда да, түсініктемелерде де пікірталас тақырыптарының біріне айналды. Еске салсақ, 1978 жылдан бастап қалаға бірқатар жаңа аумақтар қосылды, алайда қала маңындағы  шоғырлану мен мегаполистің қажеттіліктеріне сәйкес келетін жолдардың тығыздығы өзгермеді. Ондаған жылдар бойы қала ұлғайса да, Бас жоспар жолдардың тығыздығы мен байланыстың негізгі мәселесін шеше алмады.

Көптеген жылдар бойы қалада ауқымды проблемалар қалыптасты,  мысалы: экология; маятниктік көші-қон; бақылаусыз урбанизация; біркелкі емес экономикалық белсенділік. Жоғарыда аталған барлық проблемалар шешілмеген негізгі мәселеден туындады. Алайда, 2023 жылы қала тұрғындары қала маңына  тығыз шоғырлаунуы негізгі және бастапқы мәселені шешетін Бас жоспарды  қажет етті. Менің ойымша, бұл шешім ең маңызды болып табылады және жаңа Бас жоспарды қабылдау экологиямен, қоршаған ортаның жайлылығымен, тұрақсыз экономикалық өсумен байланысты проблемаларды шешуге мүмкіндік беруге негіз болады, урбанизацияны бақылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, табиғи орналасуына байланысты қаланың жеткілікті табиғи және желдену мүмкіндігі жоқ екенін атап өтемін. Жеке көліктің үнемі бақылаусыз өсуімен бірге бұл біздің қаламыздағы экологияның апатты жағдайына әкелді. Қалыптасқан жағдайлар қала тұрғындарының денсаулығына орасан зор зиян келтіреді. Жаңа бас жоспарда - қоғамдық көлікке берілген басымдығы бар жол-көлік кешені; жеке автокөлікті пайдалануды азайтуға мүмкіндік беретін 15 минуттық қала және қаланың полиорталықтарын дамытудың дәлізді тұжырымдамалар қолданылатын кешенді шешімі көзделгеніне өте қуаныштымын, себебі бұл қала экологиясын айтарлықтай жақсартудың нақты жолы.

Сіздерлің назарыңызды аударғым келетін тағы бір мәселе бар. Бұл - алдыңғы Бас жоспарды (2001 ж.) және оның ашықтығын жүзеге асырудағы проблема. Осы жылдар ішінде мектептер мен ауруханалар сияқты қоғамдық маңызды нысандарға, құрылысты тұрғын үйдің пайдасына бұрмалау орын алды. Мысалы, 2019 жылдың соңында қаланың Бас жоспарын ашық талқылау барысында мен қаланың 2001 жылғы Бас жоспарда белгіленген мың төсекке арналған медициналық мекемелер салу жоспарын жүзеге асырмағанын анықтадым. Кейіннен пандемия кезінде қалаға дәл осы 1000 төсек жетіспеді. Сол тұста шұғыл түрде, үлкен қаражатқа уақытша модульдік ауруханалар салуға тура келді. Сондай-ақ, осы жылдар ішінде 2001 жылғы Бас жоспарда қарастырылған мектептер, тіпті өрт сөндіру деполары салынбағаны анықталды. Қала тұрғындары мен әкімдікке қабылданған жаңа Бас жоспардың орындалуы мен барысы бойынша ашық түрде іске асыруға, мониторинг жүргізуге және есеп беруге мүмкіндік беретін құралдарды әзірлеуді ұсынамын.

Жалпы айтқанда, Алматы қаласының жаңа Бас жоспары өмір сүру және жұмыс істеу үшін жайлы қалалық орта құруға бағытталған  серпінді жоба ретінде жоспарланған.  

Айдын Ақбай, сәулетші, «Sky Saulet» ЖШС директоры,

ҚР Құрметті сәулетшісі, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі,

Алматы қаласы қала құрылысы кеңесінің мүшесі,

ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі,

Айдын Ақбай