Бас санитар дәрігер адам көп жиналатын жерлерде маска тағуды ұсынды

Бас санитар дәрігер адам көп жиналатын жерлерде маска тағуды ұсынды
Суреттер: Яндекс.Картинки

Назар аударған жөн

Бүгін ОСК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау алдындағы үгітін өткізу кезінде республикада COVID-19 коронавирустық инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ таралуының алдын алу шаралары мен эпидемиологиялық жағдай мәселелер бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz  Іnform.kz-ке сілтеме жасап.

«Республикада коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТР оң нәтижелі 300-ге дейін жағдайы және ПТР теріс нәтижелі 40-қа дейін жағдайы тіркеледі, науқастардың 99% сауығып кетті», - деп хабарлады отырыс барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігері «Айжан Есмағамбетова.

«Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттану 3%-ға өсті», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді.

Осыған байланысты А.Есмағамбетова R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде БМСДҚ-ға сәйкес халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу ұсынылатынын еске салды.

Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаудың маусымдық өсімі байқалады, осылайша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттану 20% өсті.

Республикадағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық маусымның барысын ескере отырып, сайлауалды жария іс-шаралар мен сайлаушылармен кездесу өткізу кезінде А. Есмағамбетова мынадай қағидаларды ұстануды ұсынды:

1) халықтың топталуын болдырмау үшін кең үй-жайларды пайдалану;

2) үй-жайларда желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі;

3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда іс-шара басталар алдында үй-жайды желдетуді жүргізу;

4) сайлаушылармен кездесу өткізу кезінде бетперде режимін сақтау.