Бас мүфти өз таңдауын жасады

Бас мүфти өз таңдауын жасады
Сурет: ҚМДБ

Дінбасы сайлау жұртымызды ортақ мақсатқа біріктіретін игі іс-шара болады деп сенетінін айтты.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс беріп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Бас мүфти: «Елдің бірлігі мен болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Бүгінгі сайлау жұртымызды ортақ мақсатқа біріктіретін игі іс-шара болады деп сенемін. Алла Тағала халқымыздың тілеуін қабыл, болашағымызды жарқын еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Мемлекетіміз әрқашан өркендей берсін! Әмин!» - деді.