«Сайлаушы дауыс беруге де, бермеуге де құқылы»

«Сайлаушы дауыс беруге де, бермеуге де құқылы»
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықованың бюллетеньді сайлау учаскесінен алып кеткен Алматы тұрғынының бейнежазбасына қатысты түсініктемесі:

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес, республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті, ешкімнің біреуді сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сонымен қатар, оның өзінің еркін білдіруін шектеуіне құқығы жоқ. Бұл бейнежазбадан сайлаушының одан әрі қандай әрекет жасағаны белгісіз. Бәлкім, ол дауыс бермей, бюллетеньді өзімен бірге алып кеткен шығар. Мұнда ешқандай заң бұзушылық жоқ. Сайлаушы дауыс беруге де, бермеуге де құқылы».