Баршаға арналған әлеуметтік инфрақұрылым

Баршаға арналған әлеуметтік инфрақұрылым
Сурет: Dknews.kz

Алматыны дамыту - Бас жоспардың маңызды құрамдас бөлігі

Урбанист және қоғам қайраткері ретінде мен биліктің қаланың қала құрылысының болашағын алдын ала айқындайтын жаңа құжатты әзірлеу жөніндегі бастамасы және оны талқылауға  алматылықтардың  белсенді қатысуы Алматы үшін үлгі боларлық жағдай болғанын айтқым келеді. Алайда, Бас жоспардың аудитін 2020 жылы сарапшылар мен белсенділер тобы бастады. Бірақ КОВИДтің салдарынан топтың жұмысы тоқтатылды. 2021 жылдың басында әр түрлі бағыттар бойынша (көлік, жоспарлау шешімдері, көгалдандыру және т. б.) 11 кіші топтан тұратын жаңа топ жиналды, Бас жоспарды түзету кезінде ескерілген 200-ден астам ұсыныс түсті. Бірақ, түзетулер жинақталған проблемаларды шешпегендіктен, 2022 жылы Алматы әкімі жаңа Бас жоспарды әзірлеуге бастамашы болды. Мен осы тұста Асхат Садуовтың тарапынан ауқымды урбанистік зерттеу жүргізілгенін атап өткім келеді, ол қала тұрғынының сауалнамасына қатысты, Бас жоспар жобасының жұртшылыққа тұсаукесері кезінде шамамен 13,5 сауалнама жиналды, жауаптар Space syntax бағдарламасының көмегімен талданды және азаматтардың тілектері құжатпен жұмыс істеу кезінде басшылыққа алынды. Қаңтар айында қоғамдық талқылауларда азаматтардан 1400-ге жуық ұсыныс жиналды, оларды әзірлеушілер де пайдаланды, сонымен қатар құжатқа мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде түзетулер енгізілді.

Нәтижесінде, Алматының Бас даму жоспарының басымдығы халықтың әртүрлі санаттарының қажеттіліктеріне жауап беретін және қалада өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін теңгерімді және алуан түрлі әлеуметтік инфрақұрылымды құру болды.

Алматының Бас даму жоспары аясында бес полиорталықтың әрқайсысында әлеуметтік нысандардың жеткілікті санын орналастыру көзделеді. Басты мақсат - қаланың барлық тұрғындары үшін әлеуметтік инфрақұрылымның қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл аудандарды жоспарлауда 231,9 мың оқушы орнын қамтамасыз ететін жаңа мектептер мен қосымша құрылыс салуға ерекше назар аударылатын болады. Бұған қоса, халыққа сапалы медициналық қызметтерге қолжеткізуге  мүмкіндік беретін 65 жаңа емхананың құрылысы жүзеге асырылады.

Бас жоспарды іске асыру кезінде 188 жаңа мектеп пен 12 қосымша құрылыс салу көзделген, бұл 231,9 мың жаңа оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Қаланың барлық тұрғындарын жоғары сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін 65 жаңа емхана салынады. Сондай-ақ, 11 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 25 көпсалалы және 13 мамандандырылған стационар жаңғыртылады. Бұл әлеуметтік нысандар тұрғындарға күнделікті өмірде ыңғайлы және жайлы болуымен қатар, әрбір полиорталықтың ажырамас бөлігіне айналады.

Бұл шаралар бізге әлеуметтік инфрақұрылымды қамтамасыз етуде әртүрлілікті жоюға және әр тұрғын аүшін жайлы және тұрақты әлеуметтік қызметтерге қолжеткізе алатын теңдестірілген қалалық ортаны құруға мүмкіндік береді.

Бас жоспар - бұл 10 жылға жуық жұмыстың нәтижелерін қамтитын  жаһандық құжат және аудит бұл құжатты 100% тексере алмайтыны анық, алайда құжат барлық негізгі бағыттар, сараптамалық және азаматтық қоғамның сұранысына сәйкес түзетілді. Одан әрі жұмыс аудандарды егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары деңгейінде жүргізілетін болады.

Алматының Бас даму жоспары біздің азаматтардың қажеттіліктері мен тілектерін ескерілген дер кезінде қолға алынған құжатқа айналды. Бұл жоспарды жүзеге асыру біздің қоғамның өміріне айтарлықтай жаңалықтар әкелетініне және  қаланы одан да тартымды және өмір сүруге ыңғайлы ететініне сенімдіміз.

Қорытындылай келе, қала құрылысына қатысты тағы бір маңызды аспектіні атап өткім келеді: бұл - әкім Ерболат Досаевтың келуімен қалада әртүрлі салалардағы кәсіби сарапшылардан тұратын Қала құрылысы кеңесінің қайта құрылуы. Небәрі сегіз айдың ішінде Қала құрылысы кеңесі жаңа жобаларды қабылдау бойынша шешім қабылдау критерийлерін өзгерте алды. Енді жобаның қабаттылығын төмендетуге, кварталдық орналасуын пайдалануға, инклюзивтілігіне (қолжетімділігіне), сейсмикалық қауіпсіздігіне, көгалдандыруға және экологиялық тазалығына басты назар аударылады. Кеңестегі әрбір сарапшы жаңа Бас жоспардың басты мақсаттарына сай келетін, өз бағытына айрықша назарды талап етеді.