Алматыда 16 заманауи білім беру орталықтарын ашу жоспарлануда

Алматыда 16 заманауи білім беру орталықтарын ашу  жоспарлануда
minkultrb.ru

2023 жылы Алматыда 16 заманауи білім беру орталықтарын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Сұрақ:
- Сәлеметсіздер ме? Мен жастардың атынан келіп тұрмын. Қаламызда заманауи білім орталықтары ашылып жатқанын білеміз. Соның бірі Алатау ауданындағы – «Alatau Creative Hub». Сондай білім орталығы біздің Әуезов ауданында да ашылса деген ұсынысымыз бар.

Алдағы жылы 16 орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Әр ауданда екеуден болады. «Alatau Creative Hub»-тай үлкен болмаса да, шағын, ыңғайлы болады. Қазіргі мәселе ғимарат пен жер табу болып тұр, - деп жуап берді қала әкімі Ерболат Досаев.