Бали аралында карантин алынып тасталды

Бали аралында карантин алынып тасталды
сурет: 24.kz

Индонезия үкіметі Балиге келетін 23 елдің азаматтары үшін карантин тәртібінің күшін жойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Енді ұшақ немесе кемемен осы аралға келген туристер оқшауланбайды. Дегенмен, бұл тек Индонезияда мақұлданған вакцина салдырған адамдарға ғана қатысты. 

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, көп ұзамай елдің барлық провинцияларында шектеулер жеңілдетіледі.