Баландин жартылай финалға өтті

Баландин жартылай финалға өтті
Сурет: Olympic.kz

Жартылай финалдың бәсекесі ертеңге жоспарланған.

Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин өз тобында төртінші нәтиже тіркеді. Ал жалпы есепте жетінші орынмен Олимпиаданың жартылай финалына жолдама алды.