Балаларға да вакцина паспорты беріледі

Балаларға да вакцина паспорты беріледі
Inform.kz

Вакцинацияланған барлық жасөспірімдер ересектер сияқты вакцинация паспортын алады. Бұл туралы брифинг барысында Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ата-анасы балаға екпе салудан бас тартса, онда баласын Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген денсаулықты қорғау құқығынан айырғаны. Айта кетейін, вакцинацияланған барлық жасөспірімдер ересектер сияқты вакцинация паспортын алады»,-деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, бүгіннен бастап жасөспірімдерге екпе салу басталды. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиеваның дерегінше, мегаполисте 12-17 жас аралығындағы 1 619 бала екпе алуға дайын.

«12-17 жастағы 1 619 баланың вакцина алғысы келді. Егер жасөспірім ата-анасының келісімінсіз вакцинацияға келсе, медицина қызметкерлері олармен хабарласып, келісімін сұрайды. Тізімдер бар, педагогтар бізге көмектеседі», - деді дәрігер.