Балалар дәрігері «дельта» штамының қауіпті ерекшелігін атады

Балалар дәрігері «дельта» штамының қауіпті ерекшелігін атады
Сурет: Bilimdiler.kz

Қазақстан жұртшылығына әлеуметтік желі арқылы жақсы танымал дәрігер және тележүргізуші Евгений Комаровский «дельта» коронавирус штамының қауіпті ерекшелігін атады.

Ол өзінің Instagram-дағы аккаунтында осы тақырыпта пост жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Дәрігер «дельта» штамының басқа мутациялардан айырмашылығы оның аз инфекциялық дозада ауру тудыратыны деп мәлімдеді.

Комаровский: «Теориялық тұрғыдан, аурудың пайда болуы үшін вирустық бөлшектердің аз болуы қажет болғандықтан, «дельта» аурудың ауыр түрін тудыруы мүмкін», - деп жазды.

Тележүргізушінің айтуынша, бүгінде бұл штамм кәмелетке толмағандарға үлкен қауіп төндіреді деген нақтыланған ақпарат жоқ.

Комаровский балаларды штамнан қорғаудың нақты құралдары жоқ екенін баса айтты. Дәрігер ата-аналарға пәтерді үнемі желдетіп, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болу керектігін ескертті.