Жеті жұмыртқа өндірушіге қатысты бағаны негізсіз өсірді деген тергеу жүргізілуде

Жеті жұмыртқа өндірушіге қатысты бағаны негізсіз өсірді деген тергеу жүргізілуде
Сурет: Massaget.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі елімізде жұмыртқа бағасының өсуіне байланысты 7 жұмыртқа өндірушіге қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Жұмыртқа өндірісі нарығында бағаның өсуіне байқалады. Шымкент, Қостанай, Тараз қалаларында жеті жұмыртқа өндірушіге қатысты тергеу басталды, 14 өндірушіге бағаның төмендеуі туралы хабарлама шығарылды. Оның 7-і бағаны 6-дан 10%-ға дейін төмендетті», - делінген агенттік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жұмыртқа бағасын негізсіз өсірген екі құс фабрикасы анықталған. Статистикалық мәліметке қарағанда, жұмыртқа бағасы бір айда 6 пайыз қымбаттаған.