Бұл – ең бірінші қоғам алдындағы жауапкершілік

Нұрзада МАТИШЕВА, мұғалім:

  – 16 сәуірде алғаш рет вакцина алдым. Маған «Спутник V» вакцинасын салды. Дәрігер өзі вакцинаны таныстырып, не істеуге болатынын, болмайтынын ескертті. Рас, алғашында қатты қобалжыдым. «Жанама әсері болмай ма?» деп қорықтым. Үйде кішкентай балалар бар, оның үстіне мектепте әр үйдің баласын оқытасың, соның бәрін ойлап екпе алдым. Меніңше, бұл – ең бірінші қоғам алдындағы жауапкершілік. Егер қоғамдық иммунитетті тек вакцина арқылы қалыптастыру мүмкін болса, қара басты ойлап, аурудың өршіп жатқанына қарап отыра берген дұрыс емес. Одан да бәріміз бірге вакцина алып, алаңсыз өмірімізге оралайық. Балаларға да обал болды. Үлкендердің кесірінен олардың мектепке оралар күні алыстамауы керек.

Вакцинаны салдырғасын жарты сағат сонда күтіп отырдым. Бірақ ешқандай ауырсыну болмады. Тек ине шаншыған жер аздап ауырсынды. Бір-екі күннен кейін шамалы қышыды. Мен сонда да ол жерді түртпедім. 11 мамыр күні екінші дозасын алдым. Оны мүлде сезбедім. Қазір жағдайым жақсы. Қолыма вакцина төлқұжатын берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *