Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды

Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды
Сурет: Primeminister.kz


Жаңа төрағаның аты-жөні - Қанат Жұмабайұлы Ысқақов. Ол бұған дейін ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарған.

 
ҚР АҚДМ министрінің бұйрығымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Бұл туралы хабарлаған ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.


 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. 


Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған. 


2006-2009 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің бас маманының м. а.; бас маманы; сарапшысы. 


2009 жылғы ақпан-қараша аралығында ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болды. 


2009-2011 жылдары – ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының консультанты. 


2011-2012 жылдары – ҚР ПӘ Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы; консультанты. 


2012 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.