АҚШ-та 100 мыңнан астам адам есірткіден көз жұмған

АҚШ-та 100 мыңнан астам адам есірткіден көз жұмған
baq.kz

АҚШ-та есірткіден көз жұмғандар саны артты

АҚШ-та бір жылдың ішінде 100 мыңнан астам адам есірткіні шамадан тыс қабылдағаннан көз жұмды. деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Елдің денсаулық сақтау қызметінің мамандары мұндай көрсеткіш бұрын соңды болмағанын айтады. Осылайша дозаны ұлғайтқанның кесірінен тіркелген өлім-жітім көрсеткіші соңғы 20 жылдан бері күрт артып кеткен. 

Статистика бойынша есірткіні шамадан тыс қолданып опат болғандардың саны жол апаттарынан, суық қарудан немесе тұмау мен пневмания ауруынан қаза тапқандардың санынан да асып жығылады. 

Марқұмдардың көбі Опиоидты есірткіден уланып жатыр. Мамандардың айтуынша, соңғы кездері есірткі саудасымен айналысатындар фентанил препаратын түрлі есірткілермен немесе дәрілермен араластырады. Салдарынан улану фактілері жиі тіркелуде.