Матрица: еліміздің солтүстік аймақтары әлі де "қызыл" аймақта

Матрица: еліміздің солтүстік аймақтары әлі де "қызыл" аймақта
Сурет: Ktk.kz

Еліміздің төрт облысы "қызыл" аймақта

2021 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметтеріне сілтеме жасап. 

 «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

 «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

 «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.