Азия чемпионатында әйелдер күресінен қазақстандық балуандар үш қола медаль алды

Азия чемпионатында әйелдер күресінен қазақстандық балуандар үш қола медаль алды
Сурет: ашық дереккөз

 Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында үш қазақстандық жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың алтыншы күнінде әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі жастар 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Барлығы қола жүлдені қоржынға салды. Олардың қатарында Лаура Ғаниқызы (50 келі) Зейнеп Баянова (55 келі), Жібекжан Сабыржанова (68 келі) бар.

Ал Мәдина Аман (59 келі) мен Арайлым Алтынбек (76 келі) қола жүлде үшін сайыста қарсыластарына есе жіберіп қойды.​ ​

Бүгін, 18 шілдеде әйелдер күресінен 53, 57, 62, 65 және 72 келіде жүлделер сарапқа салынады.