Қазақстанда мүгедектік бойынша 27,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

Қазақстанда мүгедектік бойынша 27,3 млрд теңге жәрдемақы төленді Сурет: 24.kz.

Мұндай көмекті жыл басынан бері 527,4 мың адам алған.


Қазақстан Үкіметі жыл басынан бері мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 69,3 млрд теңгеден астам қаражат төлеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«1 наурыздағы жағдай бойынша, қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 69,3 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Оның ішінде 2022 жылдың ақпан айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27,3 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 7,4 млрд теңге жұмсалды», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 527,4 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 171,9 мың адамды құрайды.


Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.


2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 51 731 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайында 43 268 теңгені құрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09