«ҚАЗІРГІ ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ НАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ: ӘДІСТЕМЕ ЖӘНЕ РЕТТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ»

«Тұран» университеті Экономика ғылымдары академиясымен (АЭНК) бірлесе отырып, ҚР Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы Тұрақты Өкілдігінің мамандарының, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросының, көрнекті ғалым-экономистердің және сарапшылардың қатысуымен «ҚАЗІРГІ ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ НАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ: ӘДІСТЕМЕ ЖӘНЕ РЕТТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел 2021 жылдың 7 сәуірінде Алматы қаласы, Сәтпаев даңғылы 16а, 401 конференц-зал мекенжайы бойынша орналасқан «Тұран» университетінің алаңында офлайн/онлайн режимінде өтті.

Дөңгелек үстел жұмысының мақсаты қазіргі кезеңдегі инфляция мәселелері бойынша әдіснамалық тәсілдер мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
Дөңгелек үстел жұмысында келесі негізгі бағыттар талқыланды:
— Қазіргі жағдайдағы Инфляция және инфляциялық күтулер.
— Инфляциялық процестердің елдің және өңірдің тұтыну нарығына әсері
— Қазіргі инфляциялық процестерді реттеу мәселелері.
— Инфляцияға қарсы саясат: экономикалық өсу және қаржылық тұрақтылық.
— Инфляцияны реттеудің институционалдық аспектілері.
— Қаржы нарығы: жаңа болмыстың сын-қатерлері.
— Теңгенің айырбас бағамы: өзекті факторлар.
Дөңгелек үстел жұмысына ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті билік пен басқару органдарының, БАҚ, қоғамдық ұйымдардың, жеке бизнестің өкілдері қатысты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close