Азық-түлік қайта қымбаттай бастады

Азық-түлік қайта қымбаттай бастады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1%-ға, ал жылдық мәнде 5% өсті, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 7 қарашадағы мәлімет бойынша:

Айран 2,5% – 414тг/л

Рожки – 316тг/кг

Сүзбе – 2105тг/кг болған.